phone_in_talk Позвоните нам
Напишите нам
Кнопка связи


Ректор КазИТУ
Сарсенбекова Гульнар Алибековна

Исполняющая обязанности ректора

Кандидат философских наук, доцент

Телефон: 8 (727) 3000 777
kazitudvr@mail.ru

Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы орта мектепті алтын медальға бітіріп, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін «Химик. Оқытушы» мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған.
2004 жылы «Ұлттық тәрбие өркениеттік құндылық ретінде» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын академик Ғарифолла Есімнің жетекшілігімен қорғады.
2005 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі және 2011 жылы «Ммәдениеттану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
Г.Ә.Сәрсенбекова 40-тан аса ғылыми мақалалардың және бір оқу құралының авторы.


Еңбек өтілі:
1990-2012 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да: химия факультетінде инженер; ғылыми мамандар дайындау бөлімінің жетекші маманы; әлеуметтік және коммерциялық мәселелер жөніндегі бөлім бастығы; әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығы; әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары; тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары; ҚазҰУ кәсіподағы төрағасының орынбасары; тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің директоры.
2012 - 2016 жж. – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.
2016 ж. бері – ҚазИТУ проректоры болып еңбек етіп келеді.

Біліктілігін арттыру:
15.11.2013 жыл – «Программное обеспечение для оперативного управления информацией и данных для обеспечения качества образовательных программ в странах-партнерах в рамках программы «Tempus-DOQUPProject» семинар-тренингке қатысқанын растайтын сертификат;
24.12.2013 ж. – «Особенности подготовки статей и проектов по фундаментальным исследованиям» шеберлік сыныптарына қатысқанын IPI«ExcellencePolyTech» директоры қолымен расталған сертификат;
28.11.2014 ж. – «Өрлеу» БКҰО» АҚ (Алматы қ.) «Жоғары білім берудегі құзіреттілік әдіс-тәсілі» бағдарламасы бойынша ҚР педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өткенін орталық директоры қолымен расталған сертификат;
19.12.2014 ж. – Лондонда (Ұлыбритания) «Назарбаев университеті» ұйымдастырған ҚР ЖОО басшыларына арналған «ЖОО басқарудың жаңа үлгісіне өту жағдайында стратегиялық жоспарлау мен университетті ұжымдық басқару» тақырыбындағы біліктілікті көтеру бағдарламасы бойынша машықтанудан өткендігі жөнінде сертификат;
13.05.2016 ж. – БСҚТҚА (НКАОКО) өткізген «Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымдарының өзін-өзі есебін дайындауы» семинарына қатысқандығын растайтын сертификат;
26.05.2016 ж. – Астана қаласында өткен V Жоғары Білім беру Көшбасшылары Еуразиялық форумына қатысты. Форум аясында «Назарбаев университетінде» ұйымдастырылған семинарларға қатысқандығы жөнінде сертификат.

Марапаттары:
2009 жыл – Университетті дамытуға қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 75 жыл» мерейтойлық медалі;
2010 жыл – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сіңірген көп жылғы еңбегі мен қызметтегі жоғарғы жетістіктері үшін универитет ректорының Мақтау қағазы;
2011 жыл – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жиырма жылдан астам уақыт жас жеткіншектердің саналы біліммен қатар тәрбиелі де рухани болмысының қалыптасуына зор үлес қосып, жалынды жастардың күш – жігерін біріктіріп, талай таланттарды қанат қағуына, болашақтан өз орнын табуға ықпал еткені, сондай-ақ, университеттің даму стратегиясына қомақты үлес қосып, абыройлы, жемісті еңбек атқарғаны үшін универитет ректорының Алғыс хаты;
2012 жыл – «Қайырлы таң, Алматы!» атты жастар акциясына белсенді қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хат;
2014 жыл – Студенттер арасында бұқаралық спортты дамыту мен қалыптастырудағы қажырлы еңбегі үшін алғыс Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовтің Алғыс хаты;
2015 жыл – ҚР Президентінің қатысуымен өткен «Алматы көктемі - 2015» фестивалін ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовтің Алғыс хаты;

  • Алматы қалалық және қоғамдық іс шараларға белсенді қатысып, еліміздің азаматы ретінде жастарға тәрбие бергені үшін М.Ахметовтың Алғыс хаты;
  • Enactus Kazakhstan бағдарламасы шеңберіндегі студенттік бастамаларды қолдағаны үшін Enactus Kazakhstan Президенті, жастар саясаты жөніндегі ҚР Президенті жанындағы Кеңес мүшесі Е.А.Меирбекованың алғыс хаты;
  • «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 80 жылдығына арналғанмерейтойлық медалі;
  • Ауданның саяси – қоғамдық өміріне қосқан қомақты үлесі мен азаматтық белсенділігі үшін Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Б.Торғаевтің Құрмет грамотасы;
  • Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды жұмыстарында саяси сергектік, азаматтық белсенділік, жоғары жауапкершілік көрсеткені үшін ҚР Президенттігіне Кандидат Е.Ә.Назарбаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының төрағасы Р.Алшанов пен «Нұр Отан» Партиясы Алматы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары К.Матыжановтың Алғыс хаты;
  • 2015 жылғы 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы кезіндегі белсенді қызыметі үшін «Нұр Отан» Партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасы А. Есімовтің Алғыс хаты;
  • Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың сайлау алды науқанына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғысы;
  • “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл ” мерекелік медалімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев наградтады;
  • Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫМЕТКЕРІ» төсбелгісі.
  • +7 (727) 3-000-777 Корпус № 1 Кабинет 32